Accessibility links

Алматыда қалың тұман әуе рейстерін бөгеді


Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)
Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)

Жексенбі күні таңертең қаланы басқан қалың тұман салдарынан Алматы әуежайында түрлі бағыт бойынша 20-дан аса жолаушылар рейстері өз уақытынан кешікті. Тек күннің екінші жартысында тұман сейіле бастаған соң бірқатар рейстерге ұшып-қонуға рұқсат берілді деп хабарлады Азаттыққа әуежайдың анықтама қызметі.

Ауа райының қолайсыздығы Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Шымкент пен Семейден келетін ішкі рейстермен бірге Бангкок, Баку, Душанбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Стамбул және Ташкент қалаларынан жолаушылар рейстерінің Алматыға уақытында келуіне бөгет жасаған.

Сол сияқты, тұман салдарынан Алматыдан Астана, Ақтөбе, Душанбе, Мәскеу, Санкт-Петербург пен Семей қалаларына қатынайтын әуе рейстері де кестедегі уақытынан кешіккен.

XS
SM
MD
LG