Accessibility links

Тунисте президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін


Тунистің қазіргі президенті Монсеф Марзуки.
Тунистің қазіргі президенті Монсеф Марзуки.

Тунисте президент сайлауының екінші кезеңі ұйымдастырылуы мүмкін. Қарашаның 23-інде елде 2011 жылғы халық толқуларынан кейін бірінші рет еркін өткізілген президент сайлауындағы экзит-полл қорытындысы бойынша, негізгі бәсеке бұрынғы президент Зейн әл-Әбидин Бен Әлидің үкіметінде болған Бежи Каид Эссеби мен қазіргі президент, құқық қорғаушы Монсеф Марзукидің арасында өтетін сыңайлы.

Бұл жолы президент сайлауына 30-ға жуық кандидат түскен. Монсеф Марзуки бұл сайлауды «билікке бұрынғы режим мүшелерін өткізбеуге берілген мүмкіндік» деп санайды. Ол бұрынғы бір партиялық жүйенің Эссеби сияқты саяси тұлғалар арқылы билікке қайтып оралуының қауіпті екенін ескертеді.

Зайырлы «Нидаа Тунис» партиясының жетекшісі, 87 жастағы Эссеби 2011 жылы халық толқулары нәтижесінде биліктен тайдырылған президент Зейн әл-Әбидин Бен Әлидің үкіметі құрамында болған.

Қазан айында өткен парламент сайлауында «Нидаа Тунис» партиясы 2011 жылғы сайлауда көпшіліктің қолдауына ие болған «Эннахд» исламшылар партиясынан басым түсіп, парламенттегі көпшілік орынды иеленген.

XS
SM
MD
LG