Accessibility links

Ирак армиясы екі қаладан ИМ тобын ығыстырды


Ирак әскерилері мен күрд жасақтары Дияла провинциясында. Ирак, қараша 2014 жыл.
Ирак әскерилері мен күрд жасақтары Дияла провинциясында. Ирак, қараша 2014 жыл.

Ирак армиясы қолбасшылығының хабарлауынша, ирак әскері шиит күштері мен күрдтердің пешмерга жасақтарымен бірге елдің солтүстік-шығысында Бағдадқа жақын екі қаладан радикалдық «Ислам мемлекеті» тобының содырларын ығыстырып шығарған.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, ұрыстар барысында 50-ден аса содырдың көзі жойылған. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, содырлардан өзге күрд және шииттердің кемінде 20 сарбазы қаза тапқан. Бірақ әзірше бұл деректерді тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау мүмкін болмай тұр.

Рамади қаласында да ұрыс жүріп жатыр. Шиит және күрд жасақтары тұрақты Ирак армиясымен бірігіп, шетелдік әскери-әуе күштерінің қолдауымен Ирактың солтүстігіндегі бірнеше қаланы, оның ішінде стратегиялық маңызы бар Баиджу және Журф әл-Сакр қалаларын азат еткен.

«Ислам мемлекеті» ұйымы әлі де болса Ирактың үлкен бөлігін, оның ішінде Мосул, Тикрит және Фаллуджа қалаларын бақылайды.

XS
SM
MD
LG