Accessibility links

Қырғызстан "шетел агенті" туралы заң жобасын талқылап жатыр


Қырғызстан парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) "шетел агенті" деген мәртебе беретін заң жобасын талқылап жатыр.

Қарашаның 24-інде депутаттар жобаны талқылауды бастағанда әділет министрлігі мұндай заңды қабылдаудың қажеті жоғын айтқан мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде қазіргі заңнамалар ұлттық қауіпсіздікті жеткілікті түрде қорғай алатыны және үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеуден өткізуге қомақты қаржы кететіні айтылған.

Заң жобасын жақтаушылардың бірі Нуркамал Мадалиев Азаттыққа берген жауабында ҮЕҰ-ға қатысты өзгерістер "ескі заңнамалар қазіргі өзгермелі әлемде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігін толық сақтай алмайтындықтан" қажет екенін айтты.

Қырғызстандық құқық қорғаушылар мен батыс елдері бұл заң жобасын Ресейде 2012 жылы қабылданған "шетел агенті" туралы заңын көшіріп алу әрекеті" деп сынап жатыр.

XS
SM
MD
LG