Беларусьтегі Гродно қаласының Ленин аудандық соты Азаттықтың Беларусь қызметінің тілшісі, «жаппай жиын өткізу тәртібін бұзған» деп айыпталған Михаил Карневичке айыппұл салды. Гродно облысы Свислочь қаласында өткен рұқсат етілмеген жиынға қатысқаны үшін ол енді 200 АҚШ доллары төлемінде ақша төлеуі тиіс.
Михаил Карневич қазанның 26-сы күні 1863 жылғы Ресей империясына қарсы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, 19-ғасырдағы беларусь публицисі әрі революцияшыл белсенді Кастус Калиновскийді еске алу шараларынан журналист ретінде хабар дайындағанын айтады.
Карневичке осыдан үш жыл бұрын да Гродно қаласында үкіметке қарсы рұқсат етілмеген акцияға қатысқаны үшін 100 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған. Ол сол кезде де наразылық шарасы туралы хабар дайындауға барған.