Шымкентте астаналық блогер, суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған көрме қарашаның 25-інде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ашылды. Суреттерді тамашалауға алғашқы күні жүзге жуық адам жиналған.
Әртүрлі әлеуметтік тақырыптарға салынған 50 сурет қойылған көрме жұмысы 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» көрмесі бұған дейін Астана мен Алматыда өткен еді.