Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 2-сі күні ресми сапармен Түркіменстанға барады деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында Назарбаев Түркіменстан басшылығымен келіссөздер өткізіп, желтоқсанның 3-інде Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумағы арқылы өтетін "Өзен-Берекет-Гөрган" халықаралық теміржол желісінің ашылуына қатыспақ.
Ақорда бұған қоса желтоқсанның 5-і күні Қазақстанға Франция президенті Франсуа Олландтың ресми сапармен келетінін хабарлады.