Accessibility links

Кәрім Мәсімов: Тақтатастан газ өндіреміз


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан тақтатастан (сланец) газ алу жобасын жасап жатыр деп мәлімдеді бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Астанада өтіп жатқан энергетикалық хартия жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген Мәсімов Қазақстан таяу жылдары энергетикалық ресурстар өндірісін арттырудан және бұл ресурстар, оның ішінде табиғи газ өндіру көлемі жөнінен әлемде негізгі 10 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырғанын айтқан. «Біз бұған қоса тақтатастан газ өндіру жобасын дайындайын деп жатырмыз» деген Мәсімов.

Энергетика министрі Владимир Школьниктің айтуынша, Қазақстан 2020 жылдан кейін жылына 100 миллион тоннадан астам көмірсутек шикізатын өндіруді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG