Accessibility links

Еуропа парламенті ИМ тобына қарсы қарар қабылдады


Еуропа парламенті, Брюссель. (Көрнекі сурет).
Еуропа парламенті, Брюссель. (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті «Ислам мемлекеті» радикалдық тобы мен онымен байланысы бар басқа да террористік ұйымдарды адам құқықтарын ұдайы бұзады деп қатаң айыптаған қарар қабылдады.

Барлық негізгі саяси партиялар қолдаған қарарда «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары әйелдерге қатысты қылмыстарды – ұрлау, зорлау және күштеп тұрмысқа беруді «әдейі, мақсатты түрде жасайтыны» айтылған.

Парламент Ирак үкіметін халықаралық қауымдастық «Ислам мемлекетінің» мүшелерін адамзатқа қарсы және әскери қылмыстары үшін сотқа тартуы үшін халықаралық арнайы құжат – Рим статутын ратификациялауға шақырды. Халықаралық қылмыстық сот осы құжат негізінде құрылған.

Қарар бұған қоса аймақтағы барлық елдерді экстремистік исламшыл идеологияны тарататын кез-келген мемлекеттік және жекеменшік институттардың қызметін тоқтатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG