Accessibility links

Әшірбек Сығай дүниеден озды


Қазақстандық театр сыншысы, жазушы Әшірбек Сығай.
Қазақстандық театр сыншысы, жазушы Әшірбек Сығай.

Қазақстандық белгілі өнертанушы, театр сыншысы Әшірбек Сығай 68 жасында қайтыс болды деп хабарлады бүгін ресми ақпарат құралдары.

Әшірбек Сығай 1983-1989 жылдары және 1991-1994 жылдары Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарған. 1989-1991 жылдары Алматы театр және кино институтының ректоры болып, соңғы жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде қызмет еткен. Өнер туралы бірнеше кітаптың авторы, мемлекеттік сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты.

Әшірбек Сығай қазақ күйі мен киіз үй жасау өнері жайлы соңғы сұхбатын Азаттық сайтына берген еді.

XS
SM
MD
LG