Accessibility links

Донецкіде екі адам оққа ұшқан


Донецк қаласында жүрген айырым белгісі жоқ ресейлік Т-72 танкісі. 26 қараша 2014 жыл.
Донецк қаласында жүрген айырым белгісі жоқ ресейлік Т-72 танкісі. 26 қараша 2014 жыл.

Украинаның шығысында атысты тоқтату туралы бітімге қарамастан украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жалғасып жатыр. Қарашаның 27-сі күні көп бөлігі сепаратистер бақылауындағы Донецкіде 12 жастағы жеткіншек пен бір әйел мерт болған.

Киевке жақтас Донецк қалалық әкімдігі жеткіншектің көшеде оққа ұшқанын, ал әйел үйіне артиллерия снаряды түсіп қаза тапқанын хабарлады.

БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша, қыркүйекте Минскіде Украина, Ресей және сепаратистер арасында келісім жасалғалы бері күн сайын орта есеппен 13 украин әскері, сепаратистер мен бейбіт тұрғын қаза тауып отырған. Ал сепаратистерге қарсы операция басталған сәуір айынан бері 4300-ден аса адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG