Accessibility links

Назарбаев Сирияға кеткендерге назар аударуды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдап, қазақстандықтардың Сириядағы соғысқа қатысу жайын талқылады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Назарбаев Қазақстан азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу жайттарына ерекше назар аударып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатеріне қарсы тұруға арналған барлық шараларды қабылдаудың маңызды екенін айтқан.

Назарбаевтың Әбіқаевпен әңгімесінің басқадай жай-жапсары айтылмайды.

Бұған дейін Нұртай Әбіқаев Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымының құрамында 300-ден аса Қазақстан азаматы бар, оның жартысына жуығы әйелдер деген еді.

XS
SM
MD
LG