Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева - NRW Trophy жеңімпазы


Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева.
Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева.

Германияның Дортмунд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен NRW Trophy жарысында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.

14 жастағы спортшы қыз қысқа бағдарламада 58,72 ұпай, негізгі бағдарламада 117,40 ұпай жинап, қоссайыс қорытындысында 176,12 ұпаймен үздік шықты.

Бұған дейін 2011 жылы осы жарысқа қатысқан Тұрсынбаева қола жүлде иеленген еді.

Элизабет Тұрсынбаева қыркүйекте Жапонияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлемдік гран-при жарысында қола жүлде, қазанда Германияда өткен гран-приде – күміс медаль алған. Бұдан бөлек спортшы биыл Summer Skate Canada (Торонто), Triglaf Trophy (Словения), Gardena Spring Trophy (Италия) және New Years Trophy (Словакия) жарыстарында жеңімпаз атанған. Ол қазанның 16-сы күні Ниццада аяқталған International Cup Of Nice жарысында жасөспірімдер арасында бірінші орын алған.

XS
SM
MD
LG