Accessibility links

Рим Папасы: ИМ-мен күресте күшке ғана иек артпаған жөн


Рим Папасы Францискті Түркия президенті сарайы алдында құрметті қарауыл қарсы алып тұр. Анкара, 28 қараша 2014 жыл.
Рим Папасы Францискті Түркия президенті сарайы алдында құрметті қарауыл қарсы алып тұр. Анкара, 28 қараша 2014 жыл.

Рим Папасы Франциск «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырларына қарсы күресте жалғыз әскери күшке ғана сүйенбеу керектігін айтты. Бұл туралы ол жұма күні Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Ердоғанмен кездесуден соң Рим Папасы Сирия мен Иракта «варварлық зорлық-зомбылық» жасаған исламшыл содырларды тоқтату заңды екендігін, бірақ ондайда тек жалғыз әскери күшке ғана иек артпай, аштық пен кедейшілікке қарсы да күрес жүргізу қажеттігін айтқан.

Фарнцис баршаның және әркімнің заң алдында өзгелермен тең болуының маңызды екендігін атап көрсеткен. «Барлық азаматтар – мұсылмандар, еврейлер мен христиандар заңда көрсетілген ережелерді пайдаланып,орындауда бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болуы өте маңызды» деген ол.

Рим Папасы Франциск қарашаның 28-інде үш күндік сапармен Түркияға барған. Конституциясында зайырлы мемлекет екені жазылған бұл елде тұрғындардың басым көпшілігін мұсылмандар құрайды. Бұл елдегі діни жетекшілермен байланысты нығайтуды мақсат тұтқан Франциск сонымен бірге, христиандар және өзге де діни азшылық өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылықты айыптайды. Түркия Сириядан қашып келген 2 миллионға жуық босқынды, соның ішінде мыңдаған христианды паналатып отыр.

XS
SM
MD
LG