Бүгіннен бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жасалған визасыз келісім күшіне енді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Келісімге сәйкес, қарашаның 29-ынан бастап Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяға 30 күн мерзімге визасыз барып келу тәртібі енгізілді. Сол сияқты, Оңтүстік Корея азаматтары да Қазақстан аумағына осындай мерзімге визасыз келіп қайту мүмкіндігіне ие болды.
Екі елдің үкіметтерінің арасындағы тиісті келісімге биыл маусымда Астана қаласында қол қойылған.
Ресми ақпарат бойынша, қазіргі уақытта Оңтүстік Корея елінің Қазақстанға салған инвестициясының көлемі сегіз миллиард АҚШ долларын құрап отыр.