Accessibility links

Шыңжаңда шабуылдан 15 адам өлгені хабарланды


Үрімжі көшесінде тұрған полиция жасағы. Шыңжаң, Қытай, 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Үрімжі көшесінде тұрған полиция жасағы. Шыңжаң, Қытай, 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары бүгін Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағындағы Шачи округінде жұма күні шабуылдан 15 адам қаза тауып, 14 кісі жараланғаны туралы хабар таратты.

Оқиғаны теракт ретінде сипаттаған ресми баспасөздің дерегі бойынша, көшеге көлікпен келген біреулер бірнеше жарылыс жасап, сол жердегі адамдарға пышақпен шабуылдаған. Қаза тапқандардан он бір адам – шабуыл жасағандар деп хабарланды.

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаңда тұратын мұсылман ұйғырлар мен этникалық хансулар арасында қақтығыстар жиі қайталанады. Пекин билігі аймақтағы кез-келген зорлық-зомбылықты тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздейтін «содырлар» мен «сепаратистерге» жабады.

Сарапшылар мен құқыққорғаушылар аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне ресми Пекиннің ұйғырларға қатысты қатаң саясаты себеп болып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG