Дүйсенбіге қараған түні Гонконгте наразылармен қақтығыстан соң полиция ондаған белсендіні ұстаған.
Жексенбі күні кешке шеруде белсенділер билікке талаптарын орындатқызу үшін күресті тоқтатпайтындарын мәлімдеген. Бұдан кейін үкіметтік мекемелер орналасқан ауданға барған шерушілердің жолын полиция бөгеген.
Шерушілермен қақтығыс барысында бірнеше полицей зардап шеккен.
Негізінен студент жастардан тұратын наразылық шеруі Пекиндегі биліктен 2017 жылы Гонконгте өтетін аймақ басшысы сайлауын еркін демократиялық жолмен өткізуді талап етеді. Билік сайлауға түсетін кандидаттарды өзі іріктегісі келеді.