Ресей рублі бүгін одан әрі құнсызданып, 1 АҚШ доллары 52 рубль 48 тиынға, 1 еуро 65 рубль 22 тиынға бағаланды.
Рубль жыл басынан бері мұнай бағасына және санкцияға байланысты 42 пайыздай арзандап кетті.
Ресей экономикасының негізі саналатын мұнай жаздан бері 25 пайызға арзандап, Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы қарашаның соңында 70 доллар 15 центке дейін төмендеді. Сарапшылар нарықтағы мұнайдың көптігінен баға одан әрі арзандауы мүмкін екенін айтады. Әлемдегі мұнайдың 40 пайыздайын шығаратын ОПЕК елдері өткен аптада күніне 30 миллион баррель мұнай өндіруге келіскен.