Accessibility links

Эбола вирусынан 7 мың адам көз жұмған


АҚШ сарбаздары медициналық қызметтерге Эболадан сақтану шарасын үйретіп жатыр. Либерия, 7 қараша 2014 жыл.
АҚШ сарбаздары медициналық қызметтерге Эболадан сақтану шарасын үйретіп жатыр. Либерия, 7 қараша 2014 жыл.

Батыс Африканың бірнеше еліне жайылған Эбола вирусынан 7 мыңдай адам қайтыс болған. БҰҰ-ның Батыс Африкада бұл ауруға қарсы күресетін миссиясының басшысы Энтони Банберидің айтуынша, дерттің таралу қаупі әлі бар.

"БҰҰ-ның алдында вирус табылған пациенттердің кемінде 70 пайызының карантин тәртібін қамтамасыз етіп, қаза тапқан 70 адамның сүйегін жерлеу міндеті тұр" деді ол.

Эбола вирусынан Батыс Африкадағы Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леоне тұрғындары көп зардап шекті.

XS
SM
MD
LG