Accessibility links

Донецк әуежайы ауданында уақытша бітім жасалды


Донецк маңында жүрген айырым белгісі жоқ танк пен әскери адам. Украина, 1 желтоқсан 2014 жыл.
Донецк маңында жүрген айырым белгісі жоқ танк пен әскери адам. Украина, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Украина әскерилерінің хабарлауынша, Донецкінің әуежай орналасқан ауданында атысты тоқтату туралы уақытша келісім жасалды. Бұл маңда бірнеше айдан бері Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер атысып жатқан еді.

Уақытша бітім Украина мен Ресей өкілдерінің әуежай орналасқан ауданда өткен келіссөздерінен кейін жарияланған. Бітімнің қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Донецк әуежайы ауданында мамыр айында басталып, қыркүйектегі ресейшіл сепаратистермен жасалған бітімге қарамастан жалғасып келе жатқан әскери қимылдардан жүздеген адам құрбан болған.

Украина билігінің дерегінше, соңғы бір тәулікте әуежай маңында үш сарбаз оққа ұшқан. Украинаның шығысында әскери операциялар басталған сәуір айының ортасынан бері 4 мың 300-ден астам адам опат болды.

Донецкідегі сепаратистер басшысы әзірге атыстың тоқтағаны туралы түсінік бермеді.

XS
SM
MD
LG