Accessibility links

Назарбаев Түркіменстанға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Түркіменстан астанасы Ашғабадқа барады. Сапар барысында Назарбаев осы ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.

Түркіменстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында "екі жақты қарым-қатынас мәселелері, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты арттыру келешегі" талқыланбақ. Бұған қоса "халықаралық саясаттың екі елге өзара ортақ қызығушылық тудыратын тұстары" да сөз болмақ.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, желтоқсанның 3-інде Назарбаев Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы өтетін Өзен-Берекет-Горган теміржол желісінің ашылуына қатысады.

XS
SM
MD
LG