"Қырғызстан елдің Кеден одағына (КО) қосылуы туралы келісімге желтоқсанның 23-і күні қол қоймақ" деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариевтің парламентте айтуынша, президент Алмазбек Атамбаев елдің КО-ға кіруі туралы келісімге желтоқсанның 23-і күні қол қояды. Президент қол қойғаннан кейін аталған құжатты парламент ратификациялауы тиіс.
Қырғызстан үкіметі бұған дейін КО-ға кіруге қатысты 38 заң жобасы мен 12 құқықтық құжат әзірлеген. 38 заң жобасының 16-сы қабылданды. Парламент спикері Асылбек Жээнбековтің айтуынша, қалған заң жобалары мен құқықтық құжаттар жаңа жылға дейін қабылданады.
Президент Алмазбек Атамбаев бұған дейін де Қырғызстанның жаңа жылды "КО құрамында қарсы алатынын" айтқан.