Молдовада еуропашыл үш партия парламент сайлауының түпкілікті қорытынды шығуға таяп қалғанда басқарушы коалицияны құру жайында келіссөздерді бастап кетті.
Берілген дауыстың 98 пайызға жуығын санағандағы нәтиже бойынша, еуропашыл Либерал-демократиялық партия, Демократиялық партия және Либералдық партия біріккенде 45,5 пайыз дауыс жинаған. Ал ресейшіл Социалистік партия мен Коммунистік партия бірігіп 38,5 пайыз дауысқа ие болған.
Қарашаның 30-ында өткен сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 56 пайызы қатысқан. Шараға бақылау жасаған ЕҚЫҰ сайлауды "жалпы алғанда жақсы ұйымдастырылған" және молдовалықтар "еркін және ерікті түрде дауыс берді" деп бағалады.
Молдованың еуропашыл қазіргі үкіметі бұған дейін Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қойып, визасыз режимге қол жеткізген.