Accessibility links

Сайрам тұрғыны "Таблиғи жамағатқа" қатысты сотталды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық соты «экстремистік діни ұйым қызметін жүргізген» деп айыпталған 41 жастағы Мамуржан Турашовты үш жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режидегі колонияда өтетуге үкім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа бүгін Сайрам аудандық сотының баспасөз хатшысы Сабыр Мейрамбаев хабарлады.

Қарабұлақ ауылының тұрғыны Мамуржан Турашов Қазақстанда қызметіне тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ұйымына адам жинау мақсатында жұбайының атына жер телімін рәсімдеп, ол жерге намазхана салып, үгіт-насихат жүргізген деп айыпталған.

Айыпкердің адвокаты Жақсыбек Рысбековтің Азаттыққа айтуынша, Мамуржан Турашев "өз айыбын толық мойындап, өкінішін білдірген".

«Сот айыпталушының төрт баласы бар екенін, мемлекетке қарсы ешқандай үндеу жарияламағанын, «Таблиғи жамағат» діни ұйымының жабылып қалғанын білмегендіктен үгіт-насихатты жалғастырғанын ескеріп, жеңіл жаза тағайындау керек еді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па - оны әлі шешкен жоқ» дейді Жақсыбек Рысбеков.

Қарабұлақ ауданының тұрғыны Мамуржан Турашовтың үстінен қозғалған іс бойынша процесс қарашаның 25-і күні басталған.

XS
SM
MD
LG