Accessibility links

Cylance: Иран хакерлері әлемдік компанияларға жиі шабуылдайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Cylance электрондық қауіпсіздік компаниясы сарапшыларының дерегі бойынша, соңғы екі жылда ирандық хакерлер әлемдегі жетекші транспорттық және басқа да компаниялардың электрондық жүйелерін бұзып кірген.

Компания жариялаған есепте компьютерді бұзып кіру жөніндегі мамандар биліктің қолдауымен "әлем қауіпсіздігіне" әсер ететін әрекеттер жасайтыны айтылады. Cylance хакерлік шабуылдардан АҚШ, Израиль, Қытай, Сауд Арабиясы, Үндістан, Германия, Франция, Ұлыбритания және басқа да елдердегі аэроғарыштық, телекоммуникациялық және энергетикалық фирмалар, әуежайлар, әуе желілері, университеттер мен госпитальдер жүйесі зардап шеккенін айтады.

Иранның БҰҰ-дағы делегациясының баспасөз хатшысы Хамид Бабеи компания есебін "негізсіз және Тегеранның беделін түсіру үшін әрі Иранның әлемдік державалармен ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерін бұзу үшін қолдан жасалған" деп атады.

Cylance компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Стюарт МакКлюр - ақпараттық қауіпсіздікке қатысты негізгі ресурстардың бірі Hacking Exposed кітабы авторларының бірі.

XS
SM
MD
LG