Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында бүгін ауа-райының қолайсыздығынан жолдар жабылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.
Алматы облысында боран мен жолдың нашар көрінуінен Үшарал-Достық жолының 83-184 километрі аралығында барлық көлік түрлерінің жүруіне, Алматы-Өскемен жолының 426-558 километрі аралығында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған.
Қарағанды облысында да боран мен жолдың нашар көрінуінен барлық бағыттағы жолдарда көліктердің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылған.
Ал Павлодар облысында Павлодар-Қызылорда жолының Қалқаман-Баянауыл бағытындағы 1135-1205 километрі аралығында, Шідерті-Астана жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.