Accessibility links

Отардағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты


Жамбыл облысының картасы. (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының картасы. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының Отар станциясында өткен жылы оқ-дәрілерді зарарсыздандыру цехында болған жарылысқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, Қордай ауданының соты желтоқсанның 5-і күні "Казахвзрывпром" кәсіпорнының утилизациялау департаментінің бастығы Оракеев пен кәсіпорын филиалының инженер-технологы Орловты "қызметін теріс мақсатта пайдаланып, қауіпсіздік ережелерін бұзды" деп айыптап, бес жылға соттаған. Оларға оқ-дәрілерді утилизациялау саласында үш жылға дейін лауазымды қызмет атқаруларына тыйым салынған.

Сот бұған қоса, Отар станциясындағы утилизациялау пунктінің техникалық бақылау мамандары Емельянов, Сазанов және Қыдырәлиевті де "жарылысқа қауіпті нысанда қауіпсіздік ережесін бұзды" деп айыптап, үш жылға бас бостандықтарынан айырған. Бірақ олардың жазасы қылмыстық кодекстің 63-бабының 1 және 3-бөлімдері бойынша шартты түрде екі жыл сынақ мерзіміне ауыстырылған.

Өткен жылы тамыздың 27-сі күні Отар станциясында "Казахвзрывпром" кәсіпорнының цехында оқсыз қару-жарақтарды жою кезінде жарылыс болып, төрт адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG