Accessibility links

Назарбаев: Ресейге салынған cанкция "нәтиже" бермейді


Қазақстан президенті Нұрсқлтан Назарбаев пен Франция президекнті Франсуа Олланд. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсқлтан Назарбаев пен Франция президекнті Франсуа Олланд. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен кездесуінде бірқатар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасып, мәлімдеме жасады.

Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, Назарбаев Олландпен кездесуден соң өткізген брифингте батыс елдерінің Ресейге қарсы салған санкциялары оң әсер етпейтінін айтқан.

"Мен біреуді, оның ішінде Путинді қорғағым келмейді. Бірақ менің шынайы жасаған талдауым Украинада ұйымдастырылғандай "көктемді" кейін Ресейде де ұйымдастыру ниеті сәтсіздікке ұшырап, ол "Қырым көктемімен" аяқталды. Сонымен қатар, Ресейдің күш-қуатын да төмен бағалауға болмайды. Ресей - әлемдегі территориясы ең үлкен және ең бай ел" деген Назарбаев. Қазақстан президенті Ресей экономикасының әлемдік экономикамен интеграциясы әлсіз болғандықтан Ресейге қарсы санкциялар "ойдағыдай нәтиже бермейтінін" айтқан.

Назарбаев Украина дағдарысына қатысты Олланд екеуі "қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын тауып, мәмілеге келу қажет" деген ұстанымда екенін айтты.

XS
SM
MD
LG