Accessibility links

Козловтың шағымына қатысты сот түрмеде өтті


Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.
Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.

Бүгін кешке Алматы облысы Іле ауданы Заречный кентіндегі түрмеде өткен көшпелі сот отырысында қамаудағы оппозиционер Владимир Козловтың түрме бастығы Әбілғазы Еділовқа байланысты шағымы қаралды. Козлов қамау жағдайын жеңілдететін тәртіпке ауысуына бөгет болған жазалардың заңдылығына күмән келтірген.

ЛА-155/14 түрмесінде Қапшағай қалалық прокуратурасының судьясы Жайық Жанболатов өткізген сотқа журналистер мен Козловтың жақтастары кіргізілмеді, тек оның адвокаты Жанар Балғабаева ғана қатысты. Адвокаттың сөзінше, сот отырысына Козлов пен Еділов те келген.

Әуелде Козловтың колония басшысына шағымы Қапшағай қалалық сотында қаралады деп хабарланған. Бірақ бүгін түстен кейін ғана сот отырысы Заречныйда өтетіні белгілі болған. Сот отырысының колонияға не себепті ауыстырылғаны белгісіз.

Оппозициялық "Алға" партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов 2012 жылы 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптармен жеті жарым жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG