Accessibility links

Украина "Газпромға" желтоқсанның газын төледі


Украина тұрғыны ас әзірлеп жатыр. (Көрнекі сурет)
Украина тұрғыны ас әзірлеп жатыр. (Көрнекі сурет)

Украинаның "Нафтогаз" мемлекеттік энергетикалық компаниясы 5 желтоқсан күні осы айда алатын газ үшін "Газпромға" 378 миллион доллар аударғанын хабарлады.

Ресей маусым айында қарыз дауы кесірінен Украинаға газ беруді тоқтатқан еді. Бұл содан бергі тұңғыш төлем және осыдан соң Украинаға Ресей газы қайта беріле бастауы тиіс.

Ресей қазір Украинаға алатын газының ақшасын алдын ала төлеу талабын қойып отыр. "Нафтогаз" бен "Газпром" арасында қазан айында жасалған келісім бойынша, ақша төленгеннен кейін 48 сағат ішінде Украинаға Ресей газы беріле бастауы керек.

"Нафтогаз" қанша газ алатынын хабарламады. Бірақ мұның алдында энергетика министрлігі бір миллиард текше метр газ алуды жоспарлап отырғандарын айтқан болатын.

Қаржыдан қысылып отырған Киев ақша үнемдеуге көшкен еді. Бірақ қыстың аязы бұл елді осындай қадамға баруға мәжбүр еткен.

XS
SM
MD
LG