Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның бірнеше аймағында күн суытып, боран болатынын ескертеді.
Синоптиктер болжауынша, Астанада сенбі қар жауып, боран болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 7-8 желтоқсанда түннің аязы 30 градусқа барады.
6-7 желтоқсанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Бұл аймақтарда осы күндері түнгі температура 26-31 градус аязға дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында да аяз 24 градусқа жетуі мүмкін. Манғыстау облысында да 10-20 градусқа дейін күн суытады.
7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғуы мүмкін.
7 желтоқсан Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да қар жауып, боран соғады. 7-9 желтоқсан күндері бұл аймақтардағы күннің аязы 30-35 градусқа жетуі мүмкін.
7 желтоқсанда Қызылорда облысында 17-27 градустық аяз болады.