Accessibility links

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Хорватияда өткен халықаралық Golden Spin of Zagreb турнирінде алтын медаль алды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 249,94 ұпай жинады. 2-орынды чехиялық Михаил Брезина (239,62 ұпай), қола медальді ресейлік Константин Меньшов (229,51 ұпай) иеленді.

Денис Тен биыл Сочи олимпиадасында қола жүлде алған еді. Одан кейін, Бордо (Франция) қаласында өткен әлемдік Гран-при жарысының да қола медалін иеленген.

Ол енді 2015 жылы наурызда Шанхайда (Қытай) өтетін әлем чемпионатына қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG