Accessibility links

АҚШ-та полицияға наразылық жалғасып жатыр


Нью-Йорктегі наразылық. 4 желтоқсан 2014 жыл.
Нью-Йорктегі наразылық. 4 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ-тың бірнеше қаласында 5 желтоқсан күні полицияға наразылық шаралары жалғасты. Қарсылық акциялары үш күн бұрын басталған еді. Наразылыққа алқабилер жюриінің қара нәсілді азаматты өлтірген полицейді сотқа бермеу туралы шешімі түрткі болған.

Нью-Йоркте наразылар ірі сауда орталықтарының маңына жиналған. Кейбір азаматтар өлген адамды бейнелеп, қарсылықтарын жерде қимылсыз жату арқылы білдірген. Бұл аудандардағы көлік қозғалысы тоқтап қалды.

Шерулер 3 желтоқсанда басталған еді. Сол күні жюри ұстау кезінде қара нәсілді Нью-Йорк тұрғыны Эрик Гарнерді буындырып өлтірген полиция қызметкері Даниэль Панталеоны жауапқа тартпау туралы шешім шығарған. Оқиға төрт ай бұрын болған.

Қарашаның соңында Фергюсон және басқа да қалалардың тұрғындары алқабилердің ақ нәсілді полицей Даррен Уилсонға айып тақпау туралы шешіміне наразылық білдірген еді. Тамыз айында ол қара нәсілді 18 жастағы Майкл Браунды атып өлтірді.

XS
SM
MD
LG