Украина президенті Петр Порошенко Харьков облысына сапары кезінде "Донбастағы соғыс қимылдары кезінде 1 мың 252 украин сарбазы қаза тауып, үш мыңға жуығы жараланды" деп мәлімдеді. Бұл туралы УНН агенттігі хабарлады.
6 желтоқсанда Украина қарулы күштері күнін атап өтті. Харьков облысындағы Чугуев аэродромында президент Украина армиясын мейрамымен құттықтап, әскерге 100-ге жуық әскери техника табыс етті. Оның ішінде БТР-лар, артиллериялық құрылғылар, тікұшақтар бар.
Порошенко құттықтау сөзінде "Донбастағы қақтығыстың Украина тәуелсіздігі үшін болған отан соғысына" айналғанын айтты.