Accessibility links

Украина: Винница губернаторы тәртіп орнататынын айтты


Винница, Украина. 6 декабря 2014 г.
Винница, Украина. 6 декабря 2014 г.

Винница облысының губернаторы Анатолий Олейник Винница қаласында кеше, 6 желтоқсан күні болған жаппай тәртіпсіздіктерге "арандатушыларды" айыптады. Губернатор "оларды Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін Ресей арнайы қызметі айдап салған" деп мәлімдеді.

Korrespondent.net басылымы губернатордың "Кремль насихатшылары нағыз патриоттарды адастырып отыр" деген сөзін берген.

Облыс басшысы наразылар басып алған ғимараттарды дереу босатуды талап етеді. Ол қаладағы наразылар басып алған ғимараттардан басқа барлық шаруашылық нысандары биліктің бақылауында екенін хабарлады. Олейник "егер басып алған азаматтар ғимараттарды босатпаса, қаладағы тәртіпті басқандай амалдармен орнататынын" мәлімдеді. Губернатор "бірде-бір ресейлік арандатушы жазадан құтылмайды" дейді.

Сенбі күні Украинаның орталық аймағында орналасқан Винница қаласының кеңесі мен облыс әкімшілігі ғимараттарын наразы азаматтар басып алған еді. Олар Сергей Свитконың облыстық кеңес төрағасы қызметінен босатылуына қарсы.

Көшеге шыққан адамдар көлік дөңгелектерін өртеп, жанғыш заттар лақтырған. Тәртіпсіздіктер кезінде сегіз адам зардап шеккен. Олардың жетеуі - құқық қорғау органдары қызметкерлері.

XS
SM
MD
LG