Accessibility links

Меркель: Ресей - кей елдерге ЕО-мен жақындасуға бөгет


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель германиялық Die Welt газетіне берген сұхбатында Ресейді "ЕО-мен жақындасуға ниет еткен кей елдердің ішкі ісіне араласып отыр" деп айыптады.

ЕО-мен серіктестік келісімін жасауға Молдова, Грузия және Украина шешім қабылдаған. Меркель Приднестровье, Абхазия, Оңтүстік Осетия және Украинадағы Ресей ықпалымен пайда болған "созылмалы қақтығыстар" туралы да айтқан.

Германия канцлері "Мәскеу Балқан түбегінің батысындағы бірқатар елдерді өзіне экономикалық және саяси тұрғыда тәуелді еткісі келеді" деген.

Балтық елдері туралы айтқан Меркель "бұл жерде соғыс қаупі жоқ" деген. Бірақ ол НАТО келісімінің 5-бабын еске салып, Солтүстікатлантикалық одақтың бір мүшесіне жасалған шаубыл тұтас ұйымға шабуыл деп танылатынын, керек болған жағдайда бұл елдерге әскери көмек берілетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG