Accessibility links

Иран қорғанысқа бөлетін қаржыны көбейтпек


Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 7 желтоқсан 2014 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 7 желтоқсан 2014 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани елдің 2015 жылғы бюджетінде қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны 33 пайызға көбейтуді ұсынды.

Жоспар бойынша, Иранның келесі жылғы қорғанысқа бөлінетін қаржысы 312 миллиард АҚШ долларын құрамақ.

Бюджет жобасында қорғанысқа бөлінетін қаржының басым бөлігін Ислам революциясының элиталық бөлімін қаржыландыруға жұмсау жоспарланған. Мұнай баррелінің бағасы 70 АҚШ доллары болады деп есептелген.

Өткен аптада әлемдік нарықта мұнай бағасы 65 АҚШ долларына дейін төмендеген. Роуханидің айтуынша, бюджет жобасы "мұнай бағасын ескере отырып" жасалған.

XS
SM
MD
LG