Екі жылдай бұрын Алматы түбінде апатқа ұшыраған Challenger-200 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тексеріс аяқталып, оның түпкілікті қортындысы осы ұшақты құраушы Канада мен ұшақ двигателін жасайтын АҚШ-қа жөнелтілді.
Инвестиция және даму министрлігінің хабарлауынша, ұшақ апатын тексеретін комиссия отырысында тексерудің ақырғы қорытындысы дайындалып, ол Канада мен АҚШ-тың мақұлдауына жіберілген. Екі ел ұшақ апаты туралы тексеріс қорытындысын кемінде 60 күнде қарастыруы тиіс. Тексеріс қорытындысы Канада мен АҚШ-тың мақұлдауынан соң жарияланбақ.
2013 жылы қаңтардың 29-ы күні Алматы маңында SCAT компаниясына тиесілі Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан Challenger-200 ұшағы құлап, борттағы 5 экипаж мүшесі және 16 жолаушы қайтыс болған еді.