Accessibility links

Кабулда шетел әскери миссиясы ресми аяқталды


Ауғанстандағы шетел әскери миссиясының ресми түрде аяқталу салтанаты. Кабул, 8 желтоқсан 2014 жыл.
Ауғанстандағы шетел әскери миссиясының ресми түрде аяқталу салтанаты. Кабул, 8 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ пен НАТО Ауғанстанда Талибан режимі құлағаннан 13 жылдан кейін әскери миссиясының аяқталу салтанатын өткізді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесу жөніндегі халықаралық біріккен күштердің қолбасшылығы Кабулдегі кеңсесіндегі туын төмен түсіріп, Ауғанстандағы мандатын ресми түрде аяқтады.

АҚШ генералы Джон Кэмпбелдің айтуынша, қаңтардың 1-інен басталатын жаңа миссия ауған әскерилерін даярлайды.

Өткен жылы Ауғанстан парламенті АҚШ пен өзге де елдерге 2015 жылы ауған территориясында Талибанға, "әл-Қаида" ұйымы мен басқа да содырлық топтарға қарсы әскери қимылдарға қатысуына рұқсат ететін келісімді ратификациялаған.

Ауғанстанда енді қалатын жаңа миссия құрамында шамамен 12 мың 500-дей сарбаз болады. Ауғанстандағы шетел әскерінің саны көбейген 2011 жылы елде 140 мыңдай әскери болған.

Жаңа әскери миссия құрамының көпшілігін америкалықтар құрайды.

XS
SM
MD
LG