Accessibility links

ҚТЖ: Ресейге қатынайтын пойыз саны қысқармайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Қазақстанға екі бағыт бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады. Бұл жайында Азаттыққа «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Компания ақпаратына қарағанда,

Компания мәліметіне қарағанда «2014 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Ресей темір жолы» компаниясының Қазақстанға қатынайтын жеті бағыттағы пойызының екеуі тоқтатылады. Олар Новосибирск-Алматы бағытындағы № 325,326 және Новокузнецк-Қарағанды бағытындағы №371,372 пойыздар. "Ал біздің Ресейге қатынайтын он пойызымыз қалады және «Ресей темір жолына» қарасты 5 пойыз қалып, екі ел арасында барлығы 15 пойыз қатынайды» дейді компания өкілі.

Бұдан бөлек Қазақстан арқылы қатынайтын «транзиттік пойыздар да өз маршрутын өзгертпейді» дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Ресей темір жолы" компаниясы "пайданың азаюына байланысты" Қазақстан, Украина, Әзербайжан және Тәжікстан бағытында қатынайтын пойыздарының кейбірін қысқартатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG