Accessibility links

Нидерланд ұшақ апатын тергеуді БҰҰ-ға тапсырудан бас тартты


Донецк облысының Грабово селосында құлаған Malaysian Airlines компаниясы ұшағының сынықтары, Украина.
Донецк облысының Грабово селосында құлаған Malaysian Airlines компаниясы ұшағының сынықтары, Украина.

Нидерланд үкіметі Украина шығысындағы Malaysia Airlines компаниясы ұшағы апатынан құрбан болғандар туыстарының тергеуді БҰҰ-ға тапсыру туралы сұрауларынан бас тартты.

Нидерланд қауіпсіздік қызметінің жоғары шенді өкілдерінің бірі Дик Шуфтың мәлімдеуінше, сарапшылар "қақтығыс аймағындағы күрделі геосаяси ахуал жағдайында" қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр.

Апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары мен айғақ заттарды жинаумен айналысатын халықаралық сарапшылар украин армиясы мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығысқа байланысты ұшақ апатқа ұшыраған аймаққа әрең барады. Құрбан болған алты адамның мүрде қалдықтары әлі күнге кім екені анықталмаған.

Шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумаққа құлаған Малайзия әуе компаниясының Boeing жолаушылар ұшағындағы 298 адам түгел қаза тапқан. Ұшақты жерден зымыранмен атқан деген болжам бар.

Сепаратистердің жоғары шенді өкілі бұған дейін сепаратистер шілденің 17-сінде жолаушылар ұшағын әскери ұшақ екен деп шатастырып "жер-әуе" класына жататын зымыранмен атып түсіргенін мойындаған. Бірақ ресейлік БАҚ лайнерді "Украина әскери-әуе күштерінің ұшағы атып түсірді" деуден танбай келеді.

XS
SM
MD
LG