Бүгін Стокгольм мен Ослода биылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы тапсырылады.
Сыйлықты тапсыру дәстүр бойынша Альфред Нобельді еске алу күні өтеді. Нобель 1896 жылы желтоқсанның 10-ында дүние салған.
Биыл Нобель бейбітшілік сыйлығына пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсуфзай мен үндістандық адам құқықтарын қорғаушы Кайлаш Сатьяртхи лайық деп танылған. Бұл сыйлық Ослода тапсырылады.
Нобель сыйлықтарын Стокгольмдегі филармонияда Швеция королі 16-Карл Густав тапсырады.