Парламент мәжілісі бүгін пленарлық отырысында ұлттық гвардия туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, заң жобасында ұлттық гвардияның өкілеті, міндеті, қызметін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған. Құжатта әскери қызмет атқару мен ұлттық гвардияның арнайы құралдарды, қару жарақтар мен әскери және арнайы техника мен физикалық күш қолдану шарты мен шегі қарастырылған.
Биыл көктемде ішкі істер министрлігінің ішкі әскері ұлттық гвардия болып қайта құрылған. Ұлттық гвардия бұған дейінгі ішкі әскердің барлық міндетін атқарып, ішкі істер министрлігіне бағынады.
Ұлттық гвардияның президенттің күзет қызметіне қатысы жоқ.