Accessibility links

Головкин - WBC версиясының уақытша чемпионы


Геннадий Головкин (оң жақта) бапкері Абель Санчеспен WBC версиясы бойынша уақытша чемпион белдігін алған сәті. Мехико, 9 желтоқсан 2014 жыл. (Суретті GGG компаниясының баспасөз қызметі ұсынды)
Геннадий Головкин (оң жақта) бапкері Абель Санчеспен WBC версиясы бойынша уақытша чемпион белдігін алған сәті. Мехико, 9 желтоқсан 2014 жыл. (Суретті GGG компаниясының баспасөз қызметі ұсынды)

Мексикада қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкинге WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) версиясы бойынша уақытша чемпион атағы берілді.

Уақытша чемпион белдігін Головкинге WBC президенті Маурисио Сулаймен табыстады. Бұл атақ Головкинге мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңгеннен кейін беріліп отыр. Головкин бұл уақытша атақты толық иелену үшін алдағы кездесулерінде жеңілмеуі керек.

Қазір Головкин - орта салмақта WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс қауымдастығы) тұжырымы бойынша толыққанды чемпион.

Геннадий Головкин келесі кездесуін 2015 жылғы ақпанның 21-інде Монте-Карлода ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен өткізеді.

XS
SM
MD
LG