Бүгін, желтоқсанның 11-і күні Алматы уақыты бойынша 7.45-те Алматыдан шығысқа қарай 77 километр қашықтықта магнитудасы 4,5-ті құрайтын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
Жер сілкінісі жердің 30 километр тереңдігінде тіркелген.
Зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы ақпарат жоқ.
Өткен аптада, желтоқсанның 4-і күні Алматы маңында магнитудасы осы шамалас жер сілкінген. Қараша айында болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар бірнеше апта бойы афтершок болуы мүмкін деп ескерткен.