Accessibility links

Түрме салуға шетел компанияларын да шақырмақ


Қазақстандағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан жаңа түрмелер салуға шетел компанияларын шақырмақ деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев. Ол Астанада өткен брифингте шетелдік инвесторлар мен компаниялар 2015-2016 жылдары Қазақстандағы түрмелерді салу жөніндегі тендерлерге қатыса алатынын айтты. Кешубаевтың сөзінше, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері тек түрме құрылысына жауапты болады, ал түрме қызметін мемлекет өзі жүргізеді.

Бас прокуратура өкілі Берік Жақаевтың айтуынша, сотталған тұтқындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін алда түрмелерге жекеменшік компаниялар мен бизнес субъектілері тартылмақ. Жақаевтың сөзіне қарағанда, қазір Қазақстан түрмелерінде сотталған 42 мыңға тарта тұтқын бар, олардың жартысына жуығы жұмыспен қамтылған.

Қазақстандық және халықаралық құыққ қорғаушылар Қазақстанды бірнеше жылдан бері түрме мен қамау орындарында тұтқындарға дұрыс жағдай жасамай отыр деп сынап келеді.

XS
SM
MD
LG