Бүгін Мәскеу қор биржасындағы таңертеңгілік саудада Ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы тағы арзандап, 1 доллар 57 рубльге тең болды. Бүгінгі саудада 1 еуро 70 рубль шамасында сатылып жатыр.
Рубльдің доллар мен еуроға шаққандағы бағамы Ресей үкіметінің желтоқсанның 11-інде пайыздық үстемелерді көтеру арқылы рубльді нығайту әрекеттеріне қарамастан төмендеп барады.
Рубль бағамы мен Ресейдің көмірсутек энергиясына тәуелді экономикасы әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі және Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларына байланысты өзгеріп тұр.