Accessibility links

Қостанай полициясы азаптаудың айыбын төлейді


Өзін полицей азаптағанын БҰҰ комитетінде дәлелдеген Расим Байрамов. (Сурет жеке қордан алынды).
Өзін полицей азаптағанын БҰҰ комитетінде дәлелдеген Расим Байрамов. (Сурет жеке қордан алынды).

Қостанай облысындағы Рудный қаласының тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті қаулысы бойынша моральдық шығынын өтету үшін облыстық ішкі істер департаментін сотқа беріп, жеңіп шықты. Бүгін Қостанай қалалық соты Байрамовтың шағымын ішінара орындауға, өтемақы ретінде оған 100 мың теңге төлеуге үкім етті.

Биыл мамырда БҰҰ-ның Женевадағы азаптауға қарсы комитеті кінәлілерді жазалап, тартқан азабы үшін жәбірленушіге тиісті өтемақы төлеу мен оны оңалту шараларын ұйымдастыруды міндеттеген шешімін Астанаға жолдаған.

- Зиян келтіргені мойындалып, мемлекет халықаралық ұйымның шешімін орындауға тырысып жатыр. Бұл - маңызды нәрсе. Адам барлық инстанциядан өтіп келіп, соны атқаруы тиіс болған мемлекеттік органға қайта оралады, - дейді адам құқығы жөніндегі бюроның Қостанай облыстық филиалы жетекшісі Анастасия Миллер.

Расим Байрамов 2008 жылы дүкеннен ақша мен үш бөтелке сыра ұрлады деген айыппен бес жылға сотталған. Үш жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан ол өзін полицейлер азаптап, "қылмысын мойындатқанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG