Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда шекарашылар «Даңқ аллеясы» ашылды

Ұшақ апатынан қаза болған шекарашылар құрметіне Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Мырзакент кентіндегі ҰҚК шекара қызметінің 2037 әскери бөлімінде ашылған "Даңқ аллеясы". Оңтүстік Қазақстан облысы, 12 желтоқсан 2014 жыл. Суретті Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі жолдаған.

12 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Мырзакент кентіндегі ҰҚК шекара қызметінің 2037 әскери бөлімінде мемлекеттік шекараны күзету және жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ұшақ апатынан қаза тапқан шекарашылардың «Даңқ аллеясы» ашылды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің өкілі Мұратбек Жапарқұлов 12 сотық жерді алып тұрған «Даңқ аллеясында» 2009 жылы 9 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысы, қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында Ми-8 ұшағы апатынан мерт болған «Арлан» барлау-іздеу тобының 10 шекарашысы мен 2012 жылы 25 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында құлаған АН-72 ұшағында қайтыс болған 27 шекарашының құрметіне екі мемориалдық тақта мен 2037 әскери бөлімінің сол кездегі командирі подполковник марқұм Аманбек Шоқановтың құрметіне ескерткіш, мәңгілік алау мен субұрқақ орнатылғанын хабарлады.

«Шараға қаза тапқан шекарашылардың туған-туыстарымен қоса 250 адам қатысты. Аллеяның ашылу рәсімінен соң ас берілді» дейді шекарашылар.

XS
SM
MD
LG