Accessibility links

Әділбек Жақсыбеков ҚФФ басшысы қызметінен кетті


Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков брифинг өткізіп, Қазақстан Футбол Федерациясы басшысы қызметінен кететінін мәлімдеген. Жақсыбеков федерацияны 2007 жылдан бері басқарып келген еді. Әзірге оның орнына кім келетіні айтылмады.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауына қарағанда, брифингте Жақсыбеков "Қазақстанның 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының финалдық матчтарын өткізуге өтініш беретінін және 2017 жылғы УЕФА суперкубогы матчын өткізуге келіссөз жүргізіп жатқанын" мәлімдеген.

УЕФА суперкубогы матчында Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасын жеңген екі команда кездеседі.

ҚФФ-ны Әділбек Жақсыбеков басқарған жылдары Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіне де шыға алмады.

XS
SM
MD
LG